15 Наурыз, 2014

Бахарев Настяны өлтіргенін тағы да мойындамай жатыр

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
03-11-13-anastasia sharipova-1 Бұған дейін Павлодар облысы Ақсу ауданында 14 жасар оқушы қыз Настя Шарипованы өлтіргенін растап қойған Виктор Бахарев тағы да бұл мойындаудан бас тартты. Бұл туралы Remarka.kz тілшісіне сотталушының әпкесі Антонина Зверева мәлімдеді. Павлодар қалалық сотында Евгеньевка селосының тұрғыны Анастасия Шарипованы зорлап, өлтірді деген айып тағылған осы селоның тағы бір тұрғыны Виктор Бахаревтің ісін жабық режимде қараған сот мәжілісі одан әрі жалғасып жатыр. Сотталушының әпкесі А.Звереваның айтуынша, Виктор сотта тағы да өзінің бұрын берген көрсетулерінен бас тартқан. Бұған ол тергеу кезінде өзіне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қысым көрсеткенімен түсіндірді. Бұдан басқа, сотталушының адвокаты Бауыржан Азановтың мәліметінше, қорғаушы жағы тағы да судьядан бас тартатынын сотқа жазбаша түрде тапсырған. Ол мұны алқабилерді таңдауда айтарлықтай тәртіп бұзушылықтардың орын алғанымен байланыстырды. Еске сала кетейік, Настя Шарипова 2013 жылғы 21 қазан күні мектептен шығып, 500 метр жердегі үйіне бара жатқан жолда үшті-күйлі жоғалып кеткен. Оның мәйіті тек арада екі апта өткеннен кейін кездейсоқ табылды. Осы уақытқа дейін бұл маңайды түгел шарлап шыққан полицейлер мен ауылдастар оны көрмеген еді. Соңында бұл істің бірден-бір күдіктісі ретінде қыздың 20 жасар көршісі Виктор Бахарев ұсталды. Ол қамауға алынған бойда бұл қылмысты өзінің жасағынан мойындап шықты. Кейін мұны сот-медициналық сараптамасы растап бергеннен кейін де қаза тапқан қыздың ата-анасы қылмысты Виктордың жасағанына сенбей қойды. Соған қарамастан, олар өздеріне қайғы жамылдырған селодан сол кезде шұғыл көшіп кетті. Қорғаушылар жағы болса, Виктордың бұрын берген көрсетулерінен бас тартатыны туралы тапсырыс беріп, соттың құрамын өзгертуді талап етті. Алайда, бұл кепілдемені де, сот процесін еліміздің басқа аймағында өткізу жөніндегі өтінішті де жоғары инстанция қабыл алмады. Құрыш Нұрымбет. Мәнбе: Remarka.kz.