Оқиға • 23 Қаңтар, 2022

Алматыда құрылыс краны құлады

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 23 қаңтар күні таңертең Алматыдағы Таугүл-1 шағын ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда құрылыс краны құлады

Алматы қалалық департаменті құрылыс краны құлап қайтыс болған 49 жастағы краншының өліміне қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның 23 қаңтар күні сағат 10:40-та Әуезов ауданындағы көшеде болғанын растады.

Оқиға «NAVOI 3.0» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған.