16 Наурыз, 2014

Алматы Достастықтың 2014 жылғы мәдени астанасы атанды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-03-14-almaty-1

ТМД елдері гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен Алматы қаласы Достастықтың 2014 жылғы мәдени астанасы болып жарияланды. Бұл туралы  Zakon.kz  хабарлады. Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған арналған «Алматы – Достастықтың 2014 жылғы мәдени астанасы» атты салтанатты рәсім 19 наурыз күні Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді. Бұған Достастық елдерініғ делегациялары, Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының өкілдері, ТМД атқару комитетінің мүшелері, мәдениет және өнер қайраткерлері келеді. Бағдарлама Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсететін ТМД елдері опера солистерінің гала-концертімен ашылады. Достастық елдерінің 2014 жылғы мәдени астаналары болып Алматы (Қазақстан Республикасы) және Ош (Қырғыз Республикасы) жарияланды. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Zakon.kz. Фото: Zakon.kz.