17 Наурыз, 2014

Семсерлесу: екі спортшымыз жүлдегер атанды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-03-SemserlesyИорданияның Амман қаласында семсерлесуден жастар мен жасөпірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында екі спортшымыз жүлдеге ие болды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық семсерлесу федерациясы хабарлады. Чемпионатта жастар арасында Қазбек Серкебаев күміс, ал Нұржан Кәрім қола жүлдені иеленді. Қазбек ширек финалда жапон Кичи Осакиді, ал Нұржан иорданиялық Вандар Алшамланды жеңді. Жартылай финалда Қазбек қарсыласын тағы ұтып, финалға шықты. Финалда Қ.Серкебаев қытайлық Ли Янгтан ұтылып, күміс медаль алды. Нұржан Кәрім жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты. Дастан Кенжалин. Дереккөз: http://kk.sport.gov.kz. Фото: http://kk.sport.gov.kz.