18 Наурыз, 2014

Тың тағылымы

397 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
tyn 60 jyl (4) Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхана бірлесе дайындаған «Тыңға – 60 жыл» атты деректі-кітаптық көрменің тұсаукесері өтті. «Тың» деген сөз аға буын өкілдерінің жадында еңбек батырлығы, жігерлілік, патриоттық және жоғары азаматтық деген ұғымдармен сипатталады. Қазақ­ жеріне Кеңес Одағының әр бұрышынан келген жүздеген тың игерушілер адам төзбейтін жұмыстар жасап, Қазақстанда қысқа уақыт аралығында үлкен нан өнімі өндірілді, жүздеген жаңа совхоздар салынып, олар бұл еңбек сынағынан абыроймен өте алды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2004 жылдың ақпанында тың және тыңайған жерді игерудің 50 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде «Сол жылдар, Қазақстанды үлкен аграрлық өлке, астық қоймасына айналдырды. Берекелік пен молшылықтың сарқылмас көзіне айналған ал­тын масақ – біздің абыройлы өмір­бая­ны­мыз болып табылады», деп атап өтті. Бүгінгі таңда сол ерлік уақыттар тарихқа ұласуда. Бұл жайлы енді тек қана мұрағаттардан және қатары азайып бара жатқан алғашқы тың игерушілердің естелік­терінен ғана біле аламыз. Тың туралы құжаттар тек қана «батырлықты», жоғары өнім ту­ра­лы партия комитеттерінің қуанар­лықтай есептері емес. Бұл тың аймақтарындағы экологиялық апат­тылықтың шегіне жетуі, ланд­шафты даланың жойылуы, егінжайдың ластануы, топырақтың жел эрозиясына шалдығуы, агро­техниканың сақталмауы, тың дәуірнамасын ұйымдастырудағы салмақты қателіктер мен жаңылыс есептеулердің жіберілгенінің куәсі. Тың және тыңайған жерлерді игеру бірнеше ұрпақтың өмір тіршілігінде аса зор рөл атқарды және Қазақстан тарихында айрық­ша әсерлі болды. Алты бөлімнен тұратын көрмеде Қазақстан Президенті мұрағатында сақталған Қазақстандағы тың жә­не тыңайған жерлерді игерудің не­г­ізгі кезеңдерін бейнелейтін ана­ғұрлым қызықты мұрағат ма­­те­риалдары мен құжаттары ұсы­нылды. Оқырмандар бұл ма­те­риалдардың көбін алғаш рет көрм­екші. Көрмеде құжаттармен бірге Ұлттық академиялық кітап­хана қорынан алынған осы тақы­рыпт­ы қамтитын кітаптар, газет-журналдармен де танысуға бола­ды. Тұсаукесерде Президент Мұ­р­­а­­ға­тының директоры, техни­ка ғы­лымдарының докторы, про­фес­­сор Борис Жапаров пен ҚР ҰАК бас директорының орын­ба­сары Ж.Шаймұханбетова сөз сөй­леді. Аудитория тыңның бас қаһармандары – алғашқы тың игерушілер В.Маложавый, В.Казак, М.Гольберх, А.Карелина, В.Мол­чанова, Ф.Шкурко, В.Черненок және тыңға кітапханашы ретінде кел­ген И.Дараганды құттықтап қар­сы алды. Алғашқы тың игеру­шілер өздерінің дағдылы жұмыс күндерін, жастық шақтарын еске алып, өз өмірлеріндегі кітаптың үлкен рөлін атап айтты. «Біз тыңға жол тартқан шағын шамаданда кітап әрқашанда болды. Біз кітап оқуды сүйетін едік. Әдебиет тыңға тасқын боп құйылды. Бізге белгілі жазушылар Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов арнайы келген еді», деп әңгімеледі М.Гольберх. Қорытындысында 1955 жылы түсірілген тың туралы деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, тұсаукесерге Пре­зи­дент Әкімшілігінің қызметкерлері, Парламент депутаттары, министр­ліктер мен ведомстволар өкіл­дері, белгілі қоғам жә­не мемле­кет қайраткерлері, ең­бек және со­ғыс ардагерлері, ал­ғашқы тың иге­рушілер, ғалым­дар, тарих­шы­лар, мұрағат, мұражай және кітапхана қызметінің басшы­лары қатысты. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан».