18 Наурыз, 2014

Алуан түрліліктегі тұтастық

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Леонардо да Винчидің қолжазбалары, суреттері мен сызбалары сақталған атақты «Амброзиана» кітап­­­­ханасы залдарының бірінде Қазақстан елшілігі «Алуан түрліліктегі тұтастық. Бүгінгі Қазақстанның этностық топтары, діндері мен мәдениеттері» монографиясының тұсаукесеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Аталған монографияны «Еу­разия» бағдарламасы шең­­­бе­рінде Италияның ISAG инсти­ту­тының сарапшылары мен ғылыми қызметкерлері әзірледі. Басы­лымда дінаралық үнқатысу мәсе­­­лелері мен Қазақстанның осы сала­дағы сая­саты жөніндегі мақалалар, сұхбаттар және сарап­тамалық материалдар, Президент Н.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 3 съезінде сөйлеген сөзі, сондай-ақ, Қазақстан­ның Ұлттық бірлігі доктринасы мен «Қазақстан хал­қы Ассамблеясы туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңы сияқты құжаттар қамтылған. Атал­ған шараға Италияның дін саласындағы жетекші сарапшылары, қоғам қайраткерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, Милан университетінің профессорлары мен оқытушылары қатысты. Қазақстанның Италиядағы ел­шісі А.Елемесов өзінің сөзін­де италиялық қауымды тәуел­сіз Қа­зақстандағы мемле­кет­тік сая­сат­тың негізгі қағида­сына айнал­­­ған дінара­лық толерант­­­­тылық­тың ерекшелік­­­­терімен таныс­ты­­­рып өтті. 20 жылдан астам уа­қыт Қазақстанда тұрған, ал қазір «Амбро­зиана» кітапханасының ғы­лы­ми қызметкері болып табылатын ми­ландық профессор және католик дінінің қызметшісі Эдуардо Ка­нетта Қазақстандағы жинаған өзі­нің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Италия тарапы Қазақстанның дін саласындағы саясаты бүкіл дүниежүзі бойынша қызығушылық тудырып отырғандығын атап өтті. «Егемен-ақпарат».