18 Наурыз, 2014

Сала қызметін әлі де ширата түсу қажет

350 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Мәжілісте палата Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен кезекті Үкімет сағаты «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы жұмысының қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері» деген тақырыпта өтті. Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ха­­лықтың тұрмыс жағдайын жақсар­ту басты міндеттің бірі екенін атап көрсетті. Мұнда қарапайым адамның әлеуметтік көңіл-күйін басты назарда ұстау қажет екені белгілі. Және ол бізді басты мақсатқа жетелейтін маңызды индикатор болуы тиіс. Сондықтан, халықтың күнделікті өміріне қажетті жылу, энергия, су мәселесі, жолаушылар тасымалдау, байланыс және бас­қа да қызметтер үшін тарифтер бел­гі­леу мәселелері әрқашан де­пу­тат­тардың назарында, деген вице-спикер сөз кезегін Табиғи моно­по­лияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановқа берді. Агенттік инфрақұрылымдық реттеуші ретінде 1186 табиғи монополия субъектісіне реттеу функциясын және 182 доминантқа қатысты баға белгілеу функциясын жүзеге асырады. 2013 жылы тарифтерді қарау жұмысының нәтижелері мынадай: - табиғи монополиялар субъ­ек­­тілері ұсынған барлығы 1 073 өті­нім қаралды, 406 өтінімнен бас тар­тылды, олардың 29 тарифі төмендетілді; - доминант субъектілер тариф­­терді көтеруге 129 хабарлама берді, 55 хабарлама бойынша ба­ға­ларды көтеруге тыйым салын­ды, оның ішінде 22 тариф төмен­детілді. Тарифтер заңнама талаптарына сәйкес бекітіледі, деді сөзінің басында агенттік төрағасы. Реттелетін коммуналдық қыз­­меттердің тарифтері Үкі­мет ұсынған инфляцияның жос­пар­­­ланған дәлізі шегінде өзгер­ті­леді. 2013 жылы инфляцияға үлес 1,15% деңгейінде қамтамасыз етілді, жос­пар 1,2% болған, деп жалғады сөзін М.Оспанов. Ағымдағы жылы бұл жұмыс жалғасады. Қазіргі кезде реттелетін қызметтердің тарифтерін өзгертуге 1 мамырға дейін мораторий жарияланған. Инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру агенттіктің тұрақты бақылауында. 2012 жылғы қорытынды бойынша инвестиция сомасы шамамен 209 млрд. теңгені құрады, 2013 жылы – 230 млрд. теңгеге жуық болды. Инвестициялар көлемін көбейтуге әрбір монополистің инвестициялық бағдарламаларды дайындау және іске асыру мін­­­де­тін белгілеу арқылы қол жет­кізіледі. Тарифтерді бекіту үшін инвестициялық бағдарлама мін­детті шарт болып табылады. Бұдан басқа, агенттік активтер тозуын, нормативтік шығындарды, отынның үлестік шығысын және жабдықтың энергия сыйым­­­ды­лығын төмендету сияқты инвес­тициялық бағдарламалар индикаторын белгілейді. Белгіленген индикаторларға қол жеткізілген жағдайда ғана инвестициялық бағдарламалар қабылданады және орындалды деп саналады. Өткен жылы энергия тиімділігіне қатысты қабылданған шаралар тұтынушыларға 11,6 млрд. теңгеден асатын қаражатты үнем­деуге мүмкіндік берді. Инвес­­тициялық бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде нормативтік шығындар төмендетілді. 2006 жылдан бастап олардың деңгейі жартылай қысқарды. Жабдықты жөндеу мен жаңарту нәтижесінде жылу энергиясын өндіруге жұмсалған отын шығыны соңғы 10 жыл ішінде 2 еседен аса азайды. Осы мәселелер тұрақты бақыланады. Агенттік төрағасы түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу бөлігінде былай деді: «Тарифтердің өзгеру себептері бойынша ай сайын брифингтер ұйымдастырылады; агенттік сайтында «тұтынушы кальку­ля­торы» енгізілген, барлық моно­по­листердің инвестициялық бағ­дарламалары жөнінде ақпарат және олардың орындалуы туралы есептер орналастырылған. Агенттік жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында монополистер объектілерінде 92 баспасөз туры өткізілді, 1000-нан астам мате­риал шықты. Сондай-ақ, моно­по­листер тұтынушылар алдында 655 есеп берді. Қазіргі уақытта барлық өңірлерде монополистер басшыларының есептері ұйым­дастырылуда. Оларды өткізу кес­тесі агенттіктің веб-сайтында орналастырылған, монополис­тер хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала жариялайды». М.Оспанов келесі кезекте электр энергиясы нарығындағы делдал толық жойылып, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға 2,2 млрд. теңге айыппұл салынғанын атап көрсетті. Агенттік жұмы­сы­ның басты бағыты тұтыну­­шы­лар­мен және қоғамдық ұйым­дармен өзара іс-қимыл жасау болып табылатынына назар аударды. Тұтынушылармен кері байланыс орнатылды, агенттік сайтына түскен өтініштерге 7 088 жауап,­ сұ­рақтарға 804 жауап, төраға блогына түскен өтініштерге 360 жауап берілді. Барлық сұрақтар бойынша жергілікті жерге барып шешімдер қабылдау қамтамасыз етілуде. Бірақ қоғамның рөлін күшейту қажет. Сондықтан өзара іс-қимыл жасауға арналған қолданыстағы нысандар жетілдіріліп отыр. Мәселен, аккредиттеу рәсімі же­ңілдетілуде, сараптамалық кеңес­тердің құрамдары кеңей­ті­луде, қоғамдық бақылауды дамыту үшін агенттік жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оған барлық фрак­циялардың депутаттары мен бел­гілі қоғам қайраткерлері кірді, деді агенттік төрағасы. М.Оспанов та­рифтік саясатты жетілдіру бо­­­йын­ша да сөз қозғап, агенттік ал­­­дын­­да биыл қандай міндеттер тұр­­­­­­ға­нын да қысқаша айтып өтті. Олар: - қоғамның тарифтік процестегі рөлін күшейту, - инфляцияға үлес шеңберінде әділ тарифтерді белгілеу; - бақылауды күшейту және ынталандырып реттеу әдістерін пайдалану. Тақырыпқа қосымша баяндаманы палатаның Экономикалық реформа және өңірлік даму ко­митетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов жасады. Мәжіліс Төрағасының орынбасары: «Агенттік қызметінің негізгі бағыттары туралы толық ақпарат берілді. Елбасы Жолдауында айтылған міндеттердің бірі – халықтың тұрмысын көтеру. Ол үшін инвестиция тарту тарифтерін ұйымдастыру керек. Жылу мен электр энергиясын, суды үнем­деу, бағаны тұрақты ұстап тұру, сондай-ақ, осы жұмыстарды же­тілдіру агенттік құзырында екені белгілі. Ал халыққа жағдай жасау үшін әлі де жұмыстарды жал­ғастыру қажет. Бұл жөнінде депутаттар өз пікірлерін айтты. Бү­гін­гі отырыс бойынша, Үкіметке бірқатар ұсыныстар жобасы дайындалып, депутаттар айтқан ұсыныстар толық ескерілді», деп отырысты қорытты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».