18 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №70

277 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2014 жылғы 10 ақпан,   Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы №1185 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу ке­зеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің 2003 жылғы 26 қарашадағы №1185 қаулысы­на (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №44 485-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республи­касындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жазбаша келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне осы Ережеге қосымшаға сәйкес сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 ақпандағы №70 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесіне қосымша ____________________________ (банк мекемесінің атауы) ____________________________ ___________________________________________ (тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, паспорттық деректерін көрсету) 20___ ж. «____» __________ шығыс №___________ хатпен берілген шетелдіктің (азаматтығы жоқ адамның) банк шотының бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқалығы туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын. Ақпарат сұраған: _____________________ (ішкі істер органы басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні) ______________________ (лауазымды адамның қолы) _____________________________________________________ ішкі істер органына ақпарат беруге келісемін. (шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты) ______________ __________________ (қолы) (күні)