18 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №56

346 рет
көрсетілді
39 мин
оқу үшін
2014 жылғы 24 қаңтар, Астана қаласы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Респуб­ликасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлеріне сыныптау бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (З.С. Сағынов): 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді; 4) осы бұйрық Қазақстан Респубикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың қосымшасында келтірілген күші жойылған деп танылған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М. Қ. Пішембаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ. 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Көлік коммуникация министрінің күшін жойды деп танылған нормативтік құқықтық актілер тізбесі 1) «Жалпы пайданалымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезіндегі орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6875 болып тіркелген), «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 145-146 (26548) санында жарияланды. 2) «Жалпы пайданалымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезіндегі орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 580 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7209 болып тіркелген), «Заң» газетінде 2011 жылғы 13 қазандағы № 149 (1965) санында жарияланды. 3) «Жалпы пайданалымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезіндегі орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 131 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7491 болып тіркелген), «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 04 сәуірдегі № 130 (27203) санында жарияланды. 4) «Жалпы пайданалымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезіндегі орындалатын жұмыстар түрлерін сыныптауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 897 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8269 болып тіркелген), «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 03 тамыздағы № 182 (28121) санында жарияланды. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы №56 бұйрығымен бекітілді Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстардың түрлерін сыныптау (бұдан әрі – сыныптау) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын (бұдан әрі – автомобиль жолдары) күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыс түрлерін белгілейді. 2. Сыныптау жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерін негіздеу және оларды орындау үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаржы қаражаттарын есептеу үшін қолданылады. 3. Осы Сыныптауда мынадай анықтамалар қолданылады: 1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. 2) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару - бұл үнемді негізделген жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын әзірлеу арқылы оларға диагностикалау мен мониторинг жүргізудің негізінде автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының қажетті техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтін кешені. 3) автомобиль жолдарының жай-күйіне мониторинг жүргізу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуі нәтижесінде мүмкін болатын антропогендік өзгерістердің жай-күйін қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесі. 4) автомобиль жолдарын маршрутты жөндеу тәсілі - бұл көлік қозғалысы үшін қауіпті ақаулықтарды жою жергілікті учаскелердегі жол жабынының тегістігін қалпына келтіру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу кешені. 5) жол жамылғысы - бұл автокөлік құралдарынан түсетін салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретін автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінің шегіндегі көп қабатты құрылғы. 6) жол жамылғысы қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл жол құрылысының көтеру қабілеттілігін (күшейту) арттырумен байланысты кезекті күрделі жөндеуге дейінгі құрылыс, қайта жаңарту немесе күрделі жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған күннен басталған кезең. 7) жол жабыны қызметінің жөндеу аралық мерзімі - бұл тозу қабатын қалпына келтіру және тегістілік пен көлік қозғалысының қарқындылығы бойынша қажетті маңыздылығына дейін ұқсас сапаларын орнына келтірумен және ақауларды жоюмен байланысты кезекті орташа жөндеу орындауға қажеттілік туындағанға дейін құрылыс, қайта жаңарту, күрделі немесе орташа жөндеуден кейін жолды пайдалануға тапсырған уақыт кезеңі. 8) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясы – бұл бөлінетін ресурстарды тиімді пайдалану кезінде автомобиль жолдары мен жол құрылыстары желісінің көліктік-пайдалану жай-күйін сақтау және жақсарту бойынша аса тиімді ұзақ уақытты техникалық шешімдерді және басқаратын ықпал етулер кешені. 9) жол жүру үшін төлем ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешені – жол жүруге төлем ақы алу үшін арналған автомобиль жолдарының жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және элементтер жиынтығы. 10) зияткерлік көлік жүйесі (ИTЖ) – автомобиль жолдарын әкімшілік-шаруашылық басқару тапсырмаларын қызметтік және ақпараттық деңгейде шешетін, ғаламдық қызметтер мен процестерді құрайтын интеграцияланған мәліметтерді жинау, өндеу және сақтауды; ақпараттың орталықтандырылған интеграцияланған массивтерін қамтамасыз ететін, интеграцияны қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және енгізуді қамтамасыз ету мәліметтерін басқару, бірыңғай бизнес-ережелер бойынша мәліметтерді түзету және қол жеткізу, шаруашылық-өндірістік есептерді жүргізу жүйесін, өзінің ішкі сәулеттілігі, қызметтері, процестерді және жоғары санаттағы автомобиль жолдарында көлік құралдарының қажетті өткізу қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәліметтері бар жол қозғалысын басқару жүйесін қамтамасыз ететін, өз құрамында Жүйені Басқару Орталығы бар жол қозғалысын басқару мен жол жүру үшін ақы жинау және қозғалысты басқару кешені. 11) көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингіне арналған өлшеу құралдары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету – жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды және мониторингті қамтамасыз ететін жабдықтар кешені. 12) Қысқы күтіп ұстау жылдың қысқы күнтізбелік айларымен шектелмейді, қардан тазарту қажет болған жағдайда, тайғақ және көктайғақпен күресу кезінде (ауаның орташа жылдық температурасының өту кезеңі Цельсий бойынша нөл градустан төмен), сондай-ақ ауа температурасының Цельсий бойынша нөл градустан төмендеуімен жауын жауу және қар, бұршақ түріндегі қатты жауын-шашын кезінде орындалады. 4. Автомобиль жолдарының құрамына мыналар кіреді: бөлінген белдеулер, жолдардың құрылымдық элементтері, жолдарды жайластыру және абаттандыру, су жібергіш және су өткізгіш құрылыстар, көпірлер, жол өткізгіштері, көлік айрықтары, су доғалары, үңгі жолдар, қорғау галереялары, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, гүлзарлар, гүл бақтары, гүл бақшалары, қолдан отырғызылған ағаштар, мемлекеттік меншік болып табылатын желілі тұрғын үй ғимараттары мен жол-пайдалану қызметтерінің кешендері, жол жүру, ИТЖ үшін ақы алу бағдарламалық-аппарат кешені және өлшеу құралдары, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингі үшін жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, және белгіленген габариттің шегінде олардың төбесіндегі ауа кеңістігі. 5. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалану жұмыстарын жүргізуге нақты бөлінген қаржы ресурстары автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының көліктік-пайдалану жай-күйін тексеру және диагностикалау материалдары негізінде белгіленген өткізілетін жөндеу іс-шараларының түрлеріне және жол-жөндеу жұмыстарының әзірленген стратегиясына қарай бөлінеді. 6. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын сыныпталатын жұмыс түрлері жол саласында қолданылатын осы жұмыс түрлерінің нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес орындалады. 2. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару 7. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару өзіне келесі ұйымдық және реглементтік іс-шараларды енгізеді: 1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын диагностикалау және мониторинг жүргізу; 2) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау; 3) көлік қозғалысының қауіпсіздігін және жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 4) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан алдын ала сақтау; 5) алдыңғы қатарлы тәжірибе және ғылым мен техникаға қол жеткізу негізінде автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану бойынша нормативтік-техникалық базаны жетілдіру; 6) технологияны жетілдіру және автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру; 7) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыру, басқару, реттеу және бақылау; 8) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына түсетін жер учаскелеріне құқық бекітетін құжаттарды ресімдеу және қайта ресімдеу. 9) технологиялық ілеспе және жөнделген учаскелердің мониторингін ұйымдастырумен, автомобиль жолдарын ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың шегінде автомобиль жолдарының тәжірибелі учаскелерін ғылыми, техникалық сүйемелдеу және мониторинг. 8. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын диагностикалау мен мониторинг жүргізу іс-шараларының құрамына мына жұмыс түрлері кіреді: 1) жолдар мен жол құрылыстарын оларды күтіп ұстау сапасын бағалау арқылы жүйелі түрде (көктемгі, күзгі және айлық) тексеру; 2) жолдар мен жол құрылыстарының техникалық деңгейін және көліктік-пайдалану жай-күйін бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру, жолдар мен жол құрылыстарын паспорттандыру; 3) жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу; 4) жолдар мен жол құрылыстарының техникалық деңгейі және көліктік-пайдалану жай-күйі туралы бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес мәліметтер банкісін құру, үнемі жаңарту және жұмыс күйінде ұстау; 5) ғылыми-техникалық сараптама және объектілерді инспекциялау, соның ішінде жедел шешімдер қабылдауды талап ететін төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау. 9. Жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негіздеу және қаржы ресурстарын жоспарлау іс-шараларының құрамына мына жұмыстар кіреді: 1) жол және жол құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттың банкін құру, әкімшілік ету және басқару; 2) жол және жол құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің ақпараттық банктің талдауының негізінде күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды негіздеу; 3) жолдар желісінің жай-күйін болжамдау арқылы жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын өңдеу. Жол-жөндеу жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын, соның ішінде жолдардың желісін күтіп ұстау жоспарларын құру; 4) жолдар желісін қажетті пайдалану үшін жай-күйінде сақтау және күтіп ұстау үшін қажетті қаржы ресурстарын жоспарлау; 5) жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) шоғырланатын жерлерді жою бағдарламаларын әзірлеу. 10. Жолдарда көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді: 1) автокөлік ағындары қозғалысының тәртібін оқып-білу, жолдарды белгілеу сызбасын әзірлеу, жол белгілерін дислокациялау, қозғалыс жылдамдығын реттеу, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру; 2) ЖКО талдау, ЖКО болған орындарды тексеру, себептерін анықтау және жол қозғылысы қауіпсіздігінің талаптарын жақсарту ұсыныстарын дайындау; 3) қозғалыс қауіпсіздігіне қарай аса қауіпті жол учаскелерін анықтау және авариялардың алдын алуға арналған профилактикалық іс-шараларды әзірлеу; 4) бөлінген белдеулер шегінде құрылыс жұмыстарын өндіруді келісу; 5) коммуникациялар мен инженерлік желілері бар автомобиль жолдары мен құрылыстардың қиылысу мен жанасуына техникалық талаптарды әзірлеуді келісу; 6) желілі жол қызметтерінің жұмыскерлерін жолдарда жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелеріне үйретуді ұйымдастыру; 7) жол бойындағы су көздерінде ауыз судың жай-күйіне санитарлық қадағалау жүргізуге келісім жасасу және олардың орындалуын бақылау; 8) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары, соның ішінде шығарынды көздерінде және аспаптық өлшеу жолымен бақылау нүктелерінде (постарда) шығарындылардың шекті рұқсат етілетін нормативтерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен келісім жасасу; міндетті экологиялық сақтандыру келісімдерін жасасу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларының жоспарын әзірлеу, Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын әзірлеу, қоршаған ортаға ықпал етуін бағалау, ауаға шекті рұқсат етілетін нормативтерінің жобаларын әзірлеу, қауіпті қалдықтардың төлқұжаттарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды қоса алғанда жол саласы ұйымдарында, жол шаруашылығы объектілерінде және жол бойы инфрақұрылымдарында қоршаған ортаны қорғау және жай-күйін қадағалау мен жетілдіру. 9) өртке қарсы іс-шараларды қадағалау және жетілдіру жөніндегі өртке қарсы қызметтері ұйымдарымен шарттар жасасу, өртке қарсы сигнал берулерге, электрмен жарықтандыруға және т.б. жоспарлы тексеру және сараптама жүргізу және олардың орындалуын бақылау; 10) жол бойындағы коммерциялық сервистерінің объектілерін орналастыруды келісу; 11) автомобиль жолдары өтетін аумақтарда ауа-райы болжамы туралы жүйелі ақпаратты алуға гидрометқызметтері ұйымдарымен шарттар жасасу; 12) боран құбылыстарын қадағалау және қар өлшейтін постыларды өлшеу; 11. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын сақтауды қамтамасыз ету және оларды уақытынан бұрын тозудан сақтап қалу іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді: 1) автомобиль жолдарын пайдалану және оларды қорғау тәртібін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау; 2) ірі габаритті және ауыр салмақты көлік құралдарының жол жүруін келісу; 3) үлкен салмақты көліктердің жол жамылғысы мен жол құрылыстарының сақталуына ықпал етуіне талдау жасау және қолайсыз ауа-райы жағдайларында, сондай-ақ жол жамылғысы жеткіліксіз мықтыланған әлсіз учаскелерде үлкен салмақты көліктердің қозғалысын шектеуді немесе ұйымдастыруды қамтамасыз ету ұсыныстарын әзірлеу. 12. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау технологиясы мен ұйымдастыруды қоса алғанда, оларды жөндеу мен күтіп ұстаудың нормативтік-техникалық базасын жетілдіру және өзектендіру іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді: 1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстауды қоса алғанда, жобалау, салу, қайта жаңарту, пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық базаны және нормативтік-техникалық құжаттарды тексеру, жаңарту және жетілдіруді қоса алғанда стандарттаудың және оларды іске асырудың перспективалы және ағымдағы жоспарларын құру; 2) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша жаңа технологияларға, машиналарға және құрал-жабдықтарға хронометражды жұмыстар жүргізу арқылы нормалар мен бағаларды әзірлеу; 3) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау тәжірибесіне енгізу бойынша нұсқаулықтар мен қорытындыларды әзірлеу арқылы технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтар бойынша әлемдік тәжірибеге және ғылым мен техникаға қол жеткізуді оқып-білу; 4) тәжірибелі-сараптамалық, тәжірибелі-құрастырмалы жұмыстар және жаңа материалдар, құрылғылар, технологиялар, машиналар және құрал-жабдықтарды сүйемелдеу және енгізу бойынша ғылыми-техникалық сүйемелдеу; 5) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы жұмыс бағдарламалық өнімдерін жетілдіру және оларды жұмыс күйінде ұстау; 6) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының ұзақтылығын және үнемділігін арттыру мақсатында оларды жөндеу мен күтіп ұстау саласындағы өзекті проблемалар бойынша іздестіру және инновациялық жұмыстары; 13. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының пайдаланылуын басқаруды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау іс-шараларының құрамына мынадай жұмыстар кіреді: 1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының желісін күтіп ұстау бойынша жол-жөндеу жұмыстарының орындалуын үйлестіру және реттеу; 2) жолдар мен жол құрылыстарын кезеңді есепке алу, есептілікті жасау; 3) жолдарды күтіп ұстау мен ағымдағы жөндеу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру, бақылау жүйесін жетілдіру және жол-жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, сапаны бақылауды аспаптық қамтамасыз ету; 4) азаматтық қорғаныс объектілері мен мүліктерін және жұмылдыру резервтеріндегі қоймаларды сақтау мен күтіп ұстауды қамтамасыз ету; 5) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалануды басқарудың құрылымы мен әдістерін үнемі жетілдіру. 3. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау 14. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жұмыстары жөндеу жұмыстарын жыл бойы үздіксіз жүзеге асырады. Жолдар мен жол құрылыстарды күтіп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргізу мақсатында оларды көзбен көріп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады. Қаржыландырудың бекітілген нормативіне сәйкес, күтіп ұстауға арналған қаражаттардың шегінде, ақаулардың ведомосі бойынша тексерілген жолдардың нәтижелерінің негізінде жоспарланатын, жол және жол құрылыстарының зақымдарын алдын алу және түзету бойынша жұмыстарды орындау көзделуде. 15. Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жыл бойы көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етілуі қажет. 16. Күтіп ұстау жұмыстары жобалық құжаттаманы жасауды талап етпейді. Оларды қолданыстағы нормативтік қаржыландыруға сәйкес, күтіп ұстауға бөлінген қаражат шегінде ақаулықтар тізбесі бойынша жолдарды тексеру нәтижесінің негізінде жоспарлайды. 17. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстау жұмыстары көктемгі, жазғы және күзгі кезеңде күтіп ұстау, қысқы күтіп ұстау, жолдарды көгалдандыру және өзге жұмыстарға бөлінеді. 18. Автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарының құрамына операторлардың айтуымен ақпаратты жинау, өңдеу және күн сайын жыл бойы ұсыну кіреді, соның ішінде: 1) бұқаралық ақпарат құралдарын автомобиль жолдарындағы жол жүрулер туралы ақпараттық қамтамасыз етуді қоса алғанда, автомобиль жолдарындағы жол жүрулер туралы; 2) болған ЖКО туралы; 3) тал және тасқын суларды жіберу кезіндегі жұмыстар туралы; 4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердің жұмысы туралы; 5) ақпараттарды жинау және өңдеу, жол және жол құрылыстарының көлік-пайдалану жай-күйі туралы деректердің бірыңғай ақпараттық банкіне әкімшілік ету және басқару. 19. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын көктемгі, жазғы, күзгі кезеңдерде күтіп ұстау кезінде, яғни жыл сайын мынадай жұмыстарды орындайды: 1) автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының жай-күйін және оларды пайдалану ережелерінің сақталуын патрульдік қадағалау; 2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша: су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау; жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу; жиектерді жоспарлау, шөптермен себу; шабу және шабылған шөптерді жинау; шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу; материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау; жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау; иірім учаскелерді жою; опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау; жиектерді себу және бекіту; жеке элементтерін ауыстырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемі, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекіту және реттегіш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету; көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектерді және бермдерді кесу және жоспарлау; 3) бөлінген белдеулер бойынша: су ағысын қамтамасыз ету үшін бөлу жолағын жоспарлау; бөлу жолағындағы қоқысты жинау, шығару және пайдаға асыруға беру; шабылған материалдарды тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру арқылы жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетін бұталарды шабу және тамырымен жұлу; бөлінген белдеулерді шабу және шабылған шөптерді, қамыстарды және қурайларды жинау, тиеу, шығару және пайдаға асыруға беру; 4) күрделі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша: жүру бөлігін тазалау және жуу; жарықшақтарды құю; шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу; жергілікті учаскелердің төсемдеріндегі иірімдерді жою; төсемдегі шорлар мен қауіпті тегіссіздікті кесу, тозу қабатын кейіннен кедір-бұдыр негізді өндеу арқылы ойыстарды бітеу; жүру бөлігін белгілеу; цемент-бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру; апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу); автомобиль жолдарына бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады. Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады; 5) жетілдірілген жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша: тұтқыр материалдары көп учаскелерді күтіп ұстау; жарықшақтарды құю; шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлерді бітеу, жол учаскесінің жиектерін тегістеу; жүру бөлігін белгілеу; апатты-қауіпті учаскелерді бағдарлы тәсілмен жөндеу (иірімдерді жою, негіз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бітеу, тегістейтін қабаттарды қондыру, жол жиектерін бекіту, жабындарды үстіртін өңдеу); автомобиль жолдарына бағдарлы тәсілмен жөндеу жүргізу кезінде жолдарды күтіп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшін қауіпті ақаулықтарды жою жұмыстары, жергілікті учаскелерде жол төсемінің тегістілігін қалпына келтіруді қамтитын жөндеу жұмыстары кешені, оның ішінде ресайклинг әдісімен жүргізіледі. Жөндеудің бағдарлы тәсілі кезінде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергілікті учаскелердегі жол төсемінің маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады. Жұмыстар әрі ақаулықтар тізбесі негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген тиісті ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшін қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша жолдарды күтіп ұстауды жүргізетін жол ұйымдастыру күштерімен орындалады; 6) өтпелі жамылғысы бар жүру бөлігі бойынша: төсемді балшықтан тазалау; төсемді сумен шаңсыздандыру; материалдар қосу арқылы төсемді кескіндеу және нығыздау; төсемдерге тас үгінділері мен иленділерді үю, катундарды жинау; шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердің қапталдарын қалпына келтіру. 7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жүру бөлігі бойынша: материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегіссіздіктерді жою үшін төсемді кескіндеу; ірі тегіссіздіктер пайда болғанға дейін жүргізілетін тегістеу-профилактикалық іс-шаралары; жолдарды хлорлы кальций, битум және басқа материалдармен шаңсыздандыру; автомобиль жолдарының кепкен учаскелерін күтіп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемі мен жол жамылғысының үстінен су өтуін қамтамасыз ету; 8) жолдардың жағдайы және абаттандыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектілері бойынша: шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу; жетіспейтін белгілерді, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерінің тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерін қалпына келтіру; сәулет безендірулері мен абаттандыру элементтерінің жеке бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу; автопавильондар, күркелер, жол белгілері, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерін сырлау және ақтау, тік және көлдеңен белгілерді түсіру; күркелер, орындықтарды орнату және жөндеу; жаңа материалдар қолданбастан өтпелі, топырақты және топырақты жақсартылған төсемдері бар жол бойындағы сервис объектілерінің мемлекеттік меншіктегі демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарын кескіндеу; қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгілерді, қалқандарды үнемі тексеру, бекіткіштерін тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу; автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелерді, автопавильондарды кезеңді тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу; қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтіп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау; жүру бөлігін және жиектерді бөтен, жол қозғалысының қуіпсіздігіне қауіп төндіретін заттардан тазалау; жолдарды, көпірлерді, жол өткізгіштерді, үңгі жолдарды, көлік айрықтарын, паромдық өткелдерді және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін тазалықта және ретке келтіріп ұстау, істен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдерді, трансформаторларды, жарық тіреулерін және басқа электрмен жабдықтау элементтерін ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесін, зияткерлік көлік жүйесін (ИТЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желілерін, сондай-ақ, бағдаршам объектілерін, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуі үшін байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлік және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтіріп ұстау; GPS қондыру және пайдалану; қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектілерінің құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу, паспорттағы деректердің талаптарына сәйкес ақы алу және зияткерлік көлік жүйесін (ИТЖ), соның ішінде жол бойындағы құрал-жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктінің (ОБП) ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтарының тораптары мен бөлшектерін жоспарлы жөндеу және ауыстыру; оның кепілдік қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес, ақы алу және ИТЖ, құрал-жабдықтарының шығындалған және тозып қалған бөліктерін, бөлшектерін, элементтерін және тораптарын ауыстыру; жол желілік телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтіру; кабель желілерін, жол жүруге ақы алу жүйесінің және ИТЖ техникалық кешендерін паспорт деректерінің талаптарына сәйкес, уақтылы қалпына келтіру; өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтіп ұстау, автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін бағдарламалық қамтамасыз ету; жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеуді жүзеге асыратын көлік құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелерді күтіп ұстау, қондыру және пайдалану; жүргіншілер бөлігіне «мысық көз» жол маркерін қондыру (қажет болған жағдайда); тиісті сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексеруді жүргізу; бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары немесе/және темір-бетон бұйымдарын, ақпараттық жол белгілерін қондыру және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді; өту үшін ақы алу жүйесінің және ИТЖ жүйесінің бағдардарламалық-аппараттық кешенін қондыру, сонымен бірге жұмыс көлемдері сметалық құжаттамамен белгіленеді; жол жүру үшін ақы алу бағдарламалық-аппараттық кешенінің, зияткерлік көлік жүйесінің (ИТЖ) жабдықтарын және көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшін өлшеу құралдарын, жабдықтарды және бағдарламалық қамтамасыз етуді уақтылы жөндеу және жоспарлы алмастыру төлқұжаттағы мәліметтерінің талаптарына сәйкес регламенттелген мерзімде жүргізіледі, соның ішінде: дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары; жол бойындағы жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, ОБП ұйымдастыру техникасы, РТZ басқару жиынтығы, ЛВС коммутаторлары. жол бойындағы жабдықтар, байланыс құралдары, ОБП серверлік, жүйелік және бейне құрал-жабдықтары; серверлік жүйелі және бейне құрал-жабдықтары, ал нақты: екі серверден тұратын кластер, мәліметтерді сақтаудың дисктік жүйесі, дабыл-шақыру колонкаларының орталық модульдері, орталық шақыру колонкалары диспетчерлерінің консолі; жаңа материалдарды қоспау немесе қосу арқылы күрделі, кемелденген, сондай-ақ ауыспалы, топырақты және топырақты жақсартылған төсемі бар жол бойындағы сервис объектілеріне демалыс алаңдары мен кіреберіс жолдарды жөндеу; Қолданыстағы автомобиль жолдарына жол қоршауларын, аялдама павильондарын, сервис павильондарын, кіші архитектуралық пішіндер, тікұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарын ескере отырып, жүргізушілер мен жолаушылардың пайдалануы үшін жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бірге жұмыс көлемдері техникалық құжаттамамен белгіленеді; 9) жасанды құрылыстар бойынша: жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою; тапсырыс берушінің нұсқамасы бойынша жол қауіпсіздігін негізге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру; көпірлердің металлды элементтерінің сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергілікті қалпына келтіру; жүру бөлігінің жиектас қоршауларына белгі қою; автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің маңдай алды арқалықтарының астына тік белгілер қою; автожолдардың үстіндегі жол өткізгіштерінің тіректеріне тік белгілер қою; жинау техникасы өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін балшық пен бөтен заттардан тазалау; қар тазалайтын техника өткеннен кейін жаяу жүргіншілер жолдарының бойындағы жүру бөлігін қар мен мұздан тазалау; су қайтаратын түтіктерді балшықтан, тастардан және қардан тазалау; сорғылардан болған деформациялық жіктерінің су қайтаратын науаларын тазалау; қабаттарды ашық типті деформациялық жіктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау; ашық типті деформациялық жіктердің күрделі құрылыстарының механизмдерін тазалау және майлау; жаяу жүргіншілер жолдарын балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау; суды жіберуге арналған жаяу жүргіншілер жолдары шығырларындағы терезелерді тазарту; көпірдің жаяу жүргіншілер жолы мен жүру бөлігінің арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты білеуінің астындағы кеңістікті балшықтан, қардан және мұздан тазалау; сүйеніш, тосқауыл қоршауларын, жол белгілерін кір мен қардан тазалау; арқалықтардың үстін кірден, жағылған топырақтан, өсімдіктерден тазалау; арқалықтардың тірек тораптарын жуу; тірек бөліктерін қардан, кірден тазалау; тірек бөліктерінің жұмыс істейтін үстіне графитті құрылыстарды жағу; темір тірек бөліктері бекіткіштерінің бұрандамаларын тарту; тіректердің бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кірден, қар мен мұздан тазалау; конустар мен еңіс бекіністерін кірден, шөптен және талдардан тазалау; тіректердегі мұзды уату және мұзды кесу; сең жүру және тасқын суларды өткізуді ұйымдастыру; байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау; көпір құрылыстарын ағымдағы және кезеңді тексеру; қоқыстарды және кесілген ағаштарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы көпір аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегі, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсімдіктерді жою және ағаштарды шабу, көпір астындағы аймақтарды санитарлық тазалау; темір-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау; шағын көпірлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу; сел жүруді, тасқын суларды жіберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерінен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары; паромдық жолдарды, реттелетін су өткізгіш құрылыстардың шандорлы қалқалағыштарын күтіп ұстау және қызмет көрсету; навигациялық жабдықтар құралдарын орнату жұмыстары, кө