17 Наурыз, 2014

Бокс: жаңа чемпиондар анықталды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17-03-BoksАқмола облысының Щучье қаласында әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады. Онда Назым Қызайбай (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Жанна Басқаева (57 кг), Гүлжайна Үбіниязова (60 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Дариға Шәкімова (69 кг), Марина Вольнова (75 кг), Мөлдір Базарбаева (81 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) өз салмақ дәрежелерінде ел чемпиондары атанды. Қазақстан чемпионатына 88 спортшы қатысты. Енді ел чемпиондарынан ұлттық құрама командамыз жасақталады. Содан кейін Азия ойындары мен Оңтүстік Кореяда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Дастан Кенжалин. Дереккөз:www.kfb.kz. Фото: www.kfb.kz.