Президент • 29 Қаңтар, 2022

Бұл шешімге деген көзқарасым жайбарақат - Президент Еуропарламенттің қарары жөнінде пікір білдірді

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарына берген сұхбатында Қазақстандағы оқиғаларға қатысты Еуропарламент қарары жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шешімге деген көзқарасым жайбарақат - Президент Еуропарламенттің қарары жөнінде пікір білдірді

Сұхбат жүргізушісі Президенттен бұл құжат пен жалпы Еуропарламент институтына көзқарасын сұрады.

«Институт ретінде Еуропа Парламентіне рационалды түрде қараймын деуге болады. Өйткені институттың өзі бар. Егер адамдар оған мүше мемлекеттердің қанша қаржы төлейтінін білсе, бұл институтқа сыни көзқарас басым болар еді. Бірақ қандай жағдай болса да, пікір білдіргім келмейді, өйткені бұл Еуропалық Одақтың шаруасы. Егер олар мұндай институтты осынша қаражатқа ұстап тұру керек деп санаса, мархабат», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл қарардың еш міндетті емес, ұсынымдық сипатта ғана екенін еске салды.

«Олар Қазақстан бойынша екінші рет қарар қабылдады, бұл жолы еш әділетсіз, алдын ала қабылдап отыр. Сондықтан менің бұл шешімге деген көзқарасым жайбарақат», деді Қ. Тоқаев.



 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025