19 Наурыз, 2014

Мақсат – қажетті жағдаймен қамтамасыз ету

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18-03-01. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруа­шылығы министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Мамытбеков министрліктің 2013 жылғы қызметінің қоры­тындылары мен 2014 жылға арналған міндеттер туралы баян­дады, сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысынан хабардар етті. Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірлерде егіс науқанының және солтүстік облыстарда дайындық жұмыстарының басталуына байланысты көктемгі тұқым себуді уақтылы және сапалы жүргізу үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз еткен жөн екенін атап өтті. Министр агроөнеркәсіп кешенін, атап айтқанда, мал ша­руа­шылығын дамыту және бір­қатар салалық бағдарламалар­ды іске асыру барысы туралы да айтты. Кездесу қорытындысында Мем­лекет басшысы бірқатар нақ­ты тапсырмалар берді.