19 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2014 жылғы 16 наурызда Қырым Автономия­лық Республикасында рефе­рендум өткізілуіне байла­ныс­ты Қазақстан өзінің БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық құқықтың іргелі қағи­даттарына берік ұстанымын тағы да атап өтеді. Қазақстанда Қырымда өткен референдумды осы Автономиялық Республика халқының өз қалауын еркін білдіруі ретінде қабылдады және орын алған жағдайда Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайды. Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт түрде шығуын қолдаймыз және оны БҰҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдардың қолдауымен келіссөздер жолымен еңсеруін қалаймыз.