19 Наурыз, 2014

Дзюдошы Бауыржан Жауынтаев – Еуропа кубогының иегері

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.03_baurzhanТүркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен Еуропа кубогында Бауыржан Жауынтаев бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі хабарлады. Ол 60 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алты кездесудің бәрінде қарсыластарын ұтты. Қазір жас та болса талабы зор балуанды Қален Қалиұлы жаттықтырады. Бауыржан -Қызылорда облысының тумасы. Дзюдомен бірнеше жылдан бері айналысады. Бұған дейін елішілік және халықаралық жарыстар мен турнирлерде де жақсы өнер көрсеткен. Енді Бауыржан 3-10 сәуір күндері Ресейдің Тверь қаласында өтетін Еуропа кубогына қатысады. Одан кейін тағы да екі Еуропа кубогында күш сынасып, күзде Қытайдың Нанжин қаласында жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды мақсат етіп отыр. Дастан Кенжалин. Дереккөз: www.kazsports.kz Фото: www.kazsports.kz