20 Наурыз, 2014

Малайзия инвесторлары

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбыл өңірін жаңа жобалармен қуантпақшы Жамбыл облысына малай­зиялық инвесторлар келіп, өңір басшысымен кездесті. Кездесу барысында тараптар облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды. Малайзиялық инвес­торлар энергетика, минералды рес­урстар және мал шаруашылығы салалары бойынша өміршең жобалары барын айтты. «Игі істің басына, жақсы келер қасына». Кездесу барысында облыс әкімдігі мен  малайзиялық «Melewar Khyra Sdn Bhd» компаниясы арасында екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандумға қол қойылды. Осы құжатқа сәйкес малайзиялық компания қазақстандық мамандарды оқытуды және жаңа технологияларды енгізу мүмкіндігін, сондай-ақ, құрылыс саласына инвес­тиция салуды қарастыратын болды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.