20 Наурыз, 2014

Сот шешімін күшінде қалдырды

218 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Италияның кассациялық соты елдің бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді екі жыл бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салу жөніндегі төменгі соттың шешімін күшінде қалдырды. Шарайн-1Өткен жылдың күзінде Берлускониге оның өзі бақылау жасайтын «Медиасеть» холдингіндегі салық алаяқтығына байланыс­ты сот осындай шешім шығарған болатын. Сондай-ақ, ол осы іске қатысты сенаторлық мандаттан да айырылған еді. Алғашқы сотта 77 жастан асқан оны бес жыл бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салу жөнінде мәселе көтерілгені бар. Бірақ, экс-премьердің қорғаушылары оған жол бермеді. Нәтижесінде оның мемлекеттік қызметпен айналыспау мерзімі екі жылға дейін төмендетілді. Ереуіл соңы тәртіпсіздікке ұласты Непал астанасы – Катмандуде жанар-жағармай бағасының өсуіне қарсы ереуіл соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Бұл жөнінде «Ассошейтед пресс» агенттігі хабарлады. Ереуіл ел үкіметі бензин, керосин және дизель отыны тарифтерінің көтерілгендігі туралы жария еткеннен кейін басталған. Мұндай шешімнің қабылдануына мемлекет қарамағындағы «Nepal Oil» компаниясының қаржылық қиын жағдайы себеп болса керек. Оның үстіне бұл компания елдің отын-энергетикасы саласында монополист болып табылады. Бағаның қымбаттауына алғашқы болып қарсы шыққандар студенттердің кәсіподақтары екен. Ал кеше ереуілге қатысушылар Катманду көшелерінде қаладағы дүкендердің жұмыс істеуін тоқтатуды талап еткен. Сондай-ақ, автокөліктерді аударған және өртеген. Осыған байланысты полиция 80-ге жуық адамды ұстапты. Жұмысын тоқтатуды талап етті Шарайн-2АҚШ билігі Сирияның Вашингтондағы елші­­лігінің, сондай-ақ Мичиган мен Техастағы кон­сулдықтарының жұмысын тоқтатуды талап етті. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Сирияның дипло­матиялық өкілдіктерінде жұмыс істейтін сириялық азаматтардың барлығы АҚШ аумағын тастап шығулары тиіс. АҚШ-тың Сирия бойынша арнайы өкілі Даниэль Рубинштейннің хабардар етуінше, Сирия басшысы Башар Асад тағайындаған дипломаттардың ел аумағында қызмет етуі «қолайсыз» әсер қалдырады.

Қысқа қайырып айтқанда:

*Ресейдің ұлттық антитеррорлық комитеті «Имарат Кавказ» ұйымының жетекшісі Доку Умаровтың өлімі туралы ақпараттың жоқ екендігін мәлімдеді. *Израильдің әскери-әуе күштері сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Голан жотасына орналасқан Сирияның әскери нысандарын зымыранмен атқылады. Олар мұны осыдан бірер күн бұрын сириялықтардың әрекетіне жауап ретінде жасап отыр. *Түркия статистика институтының Карс қаласындағы офисінде болған атыс кезінде жеті адам оққа ұшты. Жұмыстан босатылған бір қызметкер офиске келіп, өзінің бұрынғы әріптесін кепілге алған. Алдымен ол алты адамды атып өлтірген. Артынан өзіне оқ жұмсаған. *Грекияның әскери-теңіз күштері  «Туре-214» жобасы бойынша 2015 жылға қарай үш сүңгуір қайығымен толығады. Бұл жөнінде елдің қорғаныс министрі Д.Аврамопулос мәлімдеді. Ескі монета жаңасымен ауыстырылады Ұлыбритания 2017 жылы жасанды ақша жасауға қарсы күресу мақсатында бір фунт стерлинг монетасын жаңасымен ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл жаңа монета әлемдегі ең жақсы қорғалған ақша болып табылады. Шарайн-3Корольдік монета сарайының бағалауы бойынша, қазіргі кезде айналымда жүрген бір фунттық монеталардың үш пайызға жуығы қолдан жасалған. Ұлыбританияның кейбір аймақтарында оның үлесі алты пайызға жетеді. Қолдан жасалған монеталардың жалпы саны 45 миллион дананы құрайды екен. Екі түсті жаңа монета үш деңгейлі қауіпсіздік белгісіне ие. Ал елде бір фунтты жасанды монеталар, әсіресе, өткен онжылдықтың соңында жиі көрініс бере бастапты. Екі жүк кемесі соқтығысты Токио шығанағында екі жүк кемесінің соқтығысуы салдарынан Қытайдың тоғыз азаматы із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл жөнінде Жапония жағалау күзетінің өкілі хабарлады. Дерек көздеріне қарағанда, апат жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат үштер шамасында болған. Панаманың жүк кемесі Оңтүстік Кореяның кемесімен соқтығысқаннан кейін суға батып кеткен. Оқиғаның не себептен болғаны жөнінде нақты ақпарат жоқ. Суға батқан кеме экипажының 20 мүшесі құтқарылған. Қытай құтқарушы қызметі өкілінің хабарлауынша, қытайлық тарап апат болған жерге өздерінің құтқарушы кемесін жібермеу туралы шешім қабылдаған. Себебі, апатты оқиға Жапонияның аумағында орын алған. Күшік  1,9 миллион долларға сатылды Қытайдың Чжэцзян провинциясында тибеттік мас­тиф тұқымды күшік 1,9 миллион долларға сатылды. Аталған ақпаратты кеше «Франс-пресс» агенттігі жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып таратты. Шарайн-4Тибеттік мастиф тұқымды ит өсірумен айналысатын Чжэцзян провинциясы тұрғынының айтуынша, әлемдегі ең қымбат тұратын күшіктің жаңа иесі Циндаодағы құрылыс компаниясының басшысы болып табылады. Сонымен бірге, ол осы тұқымдас тағы бір күшікті 1 миллион долларға сатқан екен. Күшіктер бағасының осыншалықты жоғары болуы иттің бұл тұқымы өте сирек кездеседі және ол Қытайдың ұлттық игілігі ретінде есептеледі.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.