19 Наурыз, 2014

Таэквондо: спортшыларымыз Олимпиада жолдамасы үшін күш сынасуда

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.03 Taekwondo KazakstanЕліміздің таэквондодан жасөспірімдер ұлттық құрама командасы Қытайдың Тайпей қаласында Олимпиада ойындарына жолдама беретін жарысқа қатысуда. Ал Олимпиада осы жылы Қытайдың Нанкин қаласында өтеді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Штаттағы ұлттық және спорт резерві дирекциясы хабарлады. Бұл сынға ерлер арасында  Ғалымжан Серікбай (48 кг), Абзал Қаршал (63 кг),  Еркебұлан Әбілқас (73 кг ) пен қыздар арасында Нурила Убайдулла (44 кг.), Жазира Сапарбек (49 кг ) және Ғания Әлзақ (63 кг) қатысуда. Осыдан кейін 23-26 наурыз күндері Тайпейде таэквондодан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл бәсекеге Қазақстаннан 20 спортшы қатысады. Спорттың осы түрінен еліміздің ұлттық құрама командасын Бақытжан Райбеков пен Мырзағали Суранов жаттықтырады. Қазіргі кезде осы мамандардың жетекшілігімен командамыз қыс бойы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, әлем чемпионатына жақсы дайындықпен аттанды десе болады.  Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Вячеслав Кимнің айтуынша, жастар құрамасы жыл басынан бері үш кезең бойынша жаттықты. Бірінші кезең «Медеу» спорт кешенінде 9-28 қаңтар күндері өтті. Осыдан кейін жастарымыз 4-18 ақпан күндері Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында жергілікті таэквондошылармен бірге жаттығу жиындарын өткізді. Ал 20-22 ақпан күндері жастар құрамасы «Фуджэйра Оупен» халықаралық турниріне қатысып, онда 8 медальді жеңіп алды. Дастан Кенжалин. Дереккөз: www.kazsports.kz Фото: www.kazsports.kz