20 Наурыз, 2014

Биыл елімізде 100 мыңнан аса түлек ҰБТ тапсырады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-03-YbtБиыл Қазақстанда 100 мыңнан аса түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады. Ресми дерекке жүгінсек, бұл сынақ 154 пунктте өткізіледі және ол бойынша арнайы комиссия құрылады. «ҰБТ-да қолданылатын емтихан материалдары жасақталуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу пункттерінде 10 наурыздан бастап 25 сәуірге дейін түлектерден өтініштер қабылданады», - делінген Білім және ғылым министрлігінің хабарламасында. Биыл 134 648 оқушы мектеп бітіреді. Шамамен 107 000 түлек ҰБТ-ға қатысатын көрінеді. Бір ескере кететін жағдай, ҰБТ форматына айтарлықтай өзгеріс енгізілмейді. Жалпы, қазір еліміз аймақтарында осы сынақ жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы. Фото: Schoolkz.ru.