20 Наурыз, 2014

Алматыда жасөспірім өзін-өзі жарып жіберді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-03-VzpivАлматы қаласы «Орбита-4» шағын ауданында тұратын мүгедек өзін-өзі жарып жіберді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады. Қазір мүгедек жанның гранатаны қайдан алғаны тексерілуде. Куәгерлердің айтуы бойынша, оқыс оқиға кезінде пәтерде марқұмның анасы болған. Алайда, ол өзге бөлмеде болғандықтан, аман қалыпты. Оның ұлы төбелестің кесірінен мүгедек болған екен. Бізге келіп түскен соңғы деректе оқиға орын алған көп қабатты үйдің қоршауға алынғаны туралы жазылған. Тексеру ісі аяқталғасын, жарылғыш заттың қайдан алынғаны және 15 жасар жасөспірімнің өліміне не себеп болғаны мәлім болады. Әр жерге шашылып түскен дене мүшелерін көргендер жарылыстың өте күшті болғанын айтады. Ал саперлер аула маңы мен ғимарат ішін жіті тексеруде. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Астана» телеарнасы. Фото: Tonykok.kz.