19 Наурыз, 2014

«Барыстың» қарсыласы «Салават Юлаев»

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19.03 Barys - SalavatУфа қаласында «Салават Юлаев» командасы Құрлықтық хоккей лигасының соңғы кездесуінде «Торпедо» (Нижегород) клубын  2:1 есебімен ұтып,  Гагарин кубогының ширек финалында Астананың «Барыс» хоккейшілерінің қарсыласы болып анықталды.  Ал «Салават Юлаев» пен «Торпедо» командаларының арасындағы жалпы есеп 4:3 болып тіркелді. Бұл туралы «Барыс» ХК хабарлады. Енді «Барыс» пен Башқұртстан клубының арасындағы алғашқы ойындар Астанада 21-22 наурыз күндері  өтеді. Бұл командалар  Құрлықтық хоккей лигасы аясында 18 рет кездесті. Ол бойынша жеті ойында «Барыс», ал ойынның 11-ші кезегінде «Салават Юлаев» жеңіске жетті. Сондай-ақ, олар  биылғы маусымда екі ойын өткізген болатын.  Астанада «Барыс» қарсыласын 3:2 есебімен ұтты. Уфада «Салават Юлаев» біздің хоккейшілерден  6:3 есебімен басым түсті. Дастан Кенжалин. Дереккөз: www.hc.barys.kz. Фото: www.hc.barys.kz