20 Наурыз, 2014

Парламентте ішкі істер органдары заңына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-03-AstanaБүгін, 20 наурыз күні   Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен палатаның жалпы отырысы болып өтті. Осы жолы депутаттар назарына ең төменгі жалақы, жалақыны қорғау, азаматтық қорғау және ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша заңнамаларға өзгерістер енгізу қаралды. Бұл туралы Egemen.kz хабарлады. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау,  «Ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін жасау туралы конвенцияны (26-конвенция) ратификациялау туралы» және  «Жалақыны қорғау туралы конвенцияны (95-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобалары бірауыздан қабылданды. Сенаторлар еңбекақының әділдік принципіне негізделуі тұрғысындағы ойларын да айтпай қалмады. Сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» және оған ілеспе заңды құжат та (екінші оқылым) депутаттар қолдауына ие болды. Күн тәртібінің соңғы мәселесі Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда бірқатар түзетулерімен Мәжіліске қайтарылды. Асқар Тұрапбайұлы. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Newskaz.ru.