21 Наурыз, 2014

Елбасы қабылдады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 20-03-01. Кездесу барысында С.Ахметов еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады. Сонымен қатар, одан арғы экономикалық өсімді қамтамасыз етудің және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысында Мем­лекет басшысы бірқатар нақ­ты тапсырмалар берді. ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.