21 Наурыз, 2014

24 сағат

211 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Венесуэладағы билікке қарсы наразылық акциялары жалғасып жатыр. Кеше сондай шараға қатысушылардың бірі, студент жігіт қаза тапты. Жалпы, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға кө­ңілі толмайтындардың наразы­лық­тары басталған екі айға таяу уақыт ішінде елде 30 адамның қазаға ұшырағаны белгілі болып отыр. Малайзияның Қытай­­ға ұшып шығып, жолай жоға­лып кеткен Боинг-777-200 жолаушылар ұшағы екі аптаға жуық уақыттан бері 29 елдің қатысуымен іздестіріліп жа­­­тыр. Соңғы мәліметке сү­йен­­­­­сек, Үнді мұхитының оң­­түс­тігі­нен бірнеше бө­лік­­­тен тұратын, ең үлкені 24 метр­ді құрай­тын ұшаққа ұқ­­сас объектілер байқалған. Бірақ оларды нақты ұшақ сы­­­нық­та­ры деуге әлі ертерек сияқты. Таиланд полициясы екі ресейлік азамат – Яна Стри­жеус пен Алексей Сла­­бин­скийді ұрлап кетті деп күдік келтірілген екі адамға іздеу жариялады. Ресейліктер Пху­кетке Владивостоктан келген көрі­неді. Ұрланғаннан кейін Я.Стри­жеус туысқандарына ха­бар­ласып, кепілге алғандар 100 мың доллар төлем талап етіп отырғандарын жеткізген. Со­дан бері ұрланғандардан хабар-ошар жоқ екен. Канадада жергілікті үндістер Онтарио про­вин­циясындағы теміржолды жауып тастаған. Бұл желі провинцияны ел астанасы Оттавамен және басқа да ірі қалалармен жалғастырады. Наразылық акциясы 10 са­ғатқа созылған. Кейін по­йыз­дар қозғалысы қайта жал­­ғасқан. Теміржол жабық кезде билік басындағылар қо­сымша автобус маршруттарын ашқан. Ал наразылық білдірушілер биліктен үндіс әйелдерін өлтіру ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуді талап еткен. Канадада 34 млн. халық тұрса, оның 732 мыңы үндістер болып табылады. Жапонияның атақты «Тойота» компаниясы АҚШ тарапының талап етуімен 1,2 млрд. доллар айып төлейтін болды. Бұған Америкаға сатылған автокөліктердің басқару жүйесіндегі ақау себеп екен. Көптеген шағымдарға қарамастан, компания осы күнге дейін көліктерде ақау жоқ деп жалтарып келсе керек. Бірақ ақырында компания көліктердегі ақауды мойындауға мәжбүр болып, айып төлеуге келіскен және бұл «Тойотаның» рекордты айыбы болып табылады. Грекия әскери-теңіз күштері жақында үш Туре 214 сүңгуір қайықтарымен толықпақ. Бұл туралы осы елдің қорғаныс министрі Деметриос Аврамопулос жария етті. Аталған сүңгуір қайықтарды Грекия флоты­ның құрамына алу 2015 жыл­ға жоспарланыпты. Ко­рабльдерді Грекия қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жаңғыртуға 75,5 млн. еуро жұмсалмақ көрінеді. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде әзірленді.