21 Наурыз, 2014

Құрметті қазақстандықтар!

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қымбатты отандастар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңару мен жарасымды ынтымақтың, еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен молшылықтың арқауы болған әз Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін! Наурыз – сонау көне заманнан тамырын тартқан, тарихи мазмұны терең, әлеуметтік-рухани мәні мен маңызы зор мейрам. Осы қасиетті мерекенің әр сәтінен ұлтымыздың болмысын, салт-дәстүріміздің айқын нақышын көреміз. Жақсылықтың жаршысындай болған атаулы күнді халқымыз ақ тілеудің, пәк пейілдің нышаны ретінде қабылдайды. «Қазақстан-2050» Страте­гия­сының негізгі мәні – барша отан­дас­тарымыздың әл-ауқатының жыл сайын ұдайы артуы деп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айт­қандай, келіп жеткен жаңа жыл айтулы нәтиже мен ауқымды жетіс­тіктерге толсын! Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке әкеліп, ізгілікті істер мен асқаралы армандарға бастасын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі.