21 Наурыз, 2014

Депутат офис директорымен кездесті

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс депутаты, Азия парламентшілері форумы төрағасының орынбасары Айткүл Самақова Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласын­дағы қорының (ЮНФПА) Орталық Азия бойынша суб-аймақтық офисінің директоры Николай Ботевпен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Беделді ұйымның өкілімен жүздесуде «Қазақстан-2050» Стратегиясының маңызы жайында айтылды. Сонымен қатар, мейман халықты қоныстандыру мәселесінде қазақстандық тәжірибеге қызығушылық танытты. Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру сала­сындағы қоры мен қазақстандық парламентшілердің жұмысына тоқталды. Жүздесуде аталған Қордың алдағы жоспарымен танысып, Орталық Азия­ға тұрақ­танған халықтың әлеу­меттік хал-жағдайы бойынша пікір алмасылды. Өз кезегінде Айткүл Са­ма­қова жастардың денсаулығы мен ұрпақ өрбітуіне қатыс­ты мәсе­лелер жайында әңгіме­леді.Халыққа медицина­лық қызмет көрсету, халықтың өмір жасының ұзақтығы сияқ­ты өзекті ойларды ортаға салды. Тараптар аталған мәселелер­ге байланысты ынтымақтастық­ты кеңейту қажеттігіне сенім білдірді. Кездесуге Мәжілістің Эко­логия мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Шавхат Өтемісов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныс­тандыру саласындағы қорының Қазақстан бойынша атқарушы өкілі Райымбек Сейсемалиев қатысты.