21 Наурыз, 2014

Жолаушылар тасымалы сапасын жақсарту үшін

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Наурыз – бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі. Көктемнің лебі ескен осы айтулы мейрамға орай биыл қазақстандықтар 5 күн бойы демалады. Осыған байланысты тұрғындардың еліміз бойынша сапарға шығуы жиілейді. «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Наурыз мерекесінің осындай ерекшеліктерін ескере келіп, елге қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында кешенді шараларды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, мереке қарсаңындағы және нақты мереке күндері жолаушылар тарапынан болатын жоғары сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2014 жылдың 19-25 наурыз күндері жолаушылар пойыздарының кестесін қосымша вагондармен толықтыруды қамтамасыз етті. Сөйтіп, Қазақстанның сұранысы аса жоғары деген аймақтарына қатынайтын пойыздарға қосымша барлығы 116 вагон тіркелмек. Вагондарды тіркеу кестесіне байланысты жолаушылардың барлық сұраныстары ескерілетін болады. «Егемен-ақпарат».