21 Наурыз, 2014

Бәйшешек гүл – Наурыз нышаны

1156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әр халықтың Жыл басы – жаңа жылды тойлауда өз ерекшеліктері бар. Мысалы, жапон халқы жаңа жылды сакура ағашы гүлдегенде гүл шоқтарымен тойлайды. Түркі дүниесіндегі алғашқы қарлығаштардың бірі болып біз де мерекеге гүлді нышан етіп алсақ деген ұсыныс айтқым келеді. 22 Наурыз – күн мен түн теңе­сетін мезгіл болып есептеледі. Самарқаның көк тасы жібиді деп те айтылады. Ендеше, сол күні келетін жаңа жыл мерекесін тек қана көктемде өмір сүруге жаралған, келген жылдың ең алғашқы перзенті тәріздес қазақ жерінде алғаш гүл­дейтін – бәйшешек гүлімен қарсы алсақ деймін. Наурыз мерекесінің символы осы гүл болса. Қазақтар бір-біріне бәйшешек гүлін сыйлап, барлық жер бәйше­шекпен безендірілсе, әрі қарай ұлттық киімдермен ұлттық ойын-сауықтар ұйымдастырыла береді. Әрине, бұл ойларды жалғастыра беруге де болады. Ең бастысы, нышан – бәйшешек гүлі болса деп ойлаймын. Ұсыныс қабыл алынып, насихатталып жатса, халық дәстүрі мен мәдениетіне қосылған үлес болар еді. Бауырлас түркі елдері де Қазақстаннан шыққан бұл бастамаға қуанып қалуы мүмкін. Бастысы, бұл мәселеде түркі әлемінде алғашқы болып жол салар едік. Есенкүл ТӨКЕЕВА.