21 Наурыз, 2014

Қазақ киносына қызығушылық

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жаужүрек мың бала» көркем фильмі сингапурліктер тарапынан жоғары бағаланды

mynbala Жақында Сингапурдегі Қазақстан елшілігі «Scor­pio East Pictures» ком­паниясымен бірлесіп, дип­ло­ма­тиялық корпус, саяси, іскер және академиялық топтар өкілдері үшін «Жаужүрек мың бала» фильмі­нің экск­люзивті көрсетілімін ұйымдастырды. Кең прокатқа 13 наурызда шыққан, ағыл­шынша және қытайша субтитрмен қазақ тілінде көрсетілген фильм Сингапурде жылы қабылданды. «Straits Times», «Berita Harian» и «Lianhe Zaobao» сияқты сингапурлік басылымдар фильм Канн кинофестиваліне ұсынылғанын атап өтіп, қазақстандық кинематографтың дебютін жоғары бағалады. Қазақстанның әртүрлі әсерлі табиғи көріністері аясында тарихи оқиғаларды шынайы ұсыну мен ұшқырсюжеттік желі арал мемлекеті көрер­мендерінің аса қызығушылығын туғызды. «Егемен-ақпарат».