20 Наурыз, 2014

Қызылорда: Биыл ағаш отырғызу тағы жалғасын тапты

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-03-KizilordaҚызылорда қаласында биыл ағаш отырғызу тағы жалғасын тапты. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен хабарлады. Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет» шарасы өткізілді. Игі іске қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламанов және қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, сондай-ақ ардагерлер, батыр аналар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының жетекшілері оның белсенді мүшелері, саяси партия филиалдарының жетекшілері қатысты. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат – ата-бабамыздан келе жатқан ағаш отырғызу ісін одан әрі жалғастыру. Осы Наурыз мерекесі қарсаңында «Тағзым алаңы» маңына да жаңа көшеттер отырғызылды. Көпті көрген қариялар бұл істі ұйымдастырған жастарға батасын беріп, ризашылығын білдірді. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің мәлімдеуінше, биыл «Тағзым алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, қаланың көркейту-көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарына 2 млрд. 676 млн. теңге бөлу қарастырылған. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі. Фото: Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі.