20 Наурыз, 2014

«Барысқа» жанкүйерлер қолдау білдірді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20.03 Barys clubАстананың «Барыс» хоккей клубы Еуропа клубтарының арасында 2013-14 жылғы маусым ойындары бойынша жанкүйерлері көп жиналатын жүз  команданың қатарына кірді. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы хабарлады. Команда жанкүйерлер жинаудан 89-орынға шықты. Былтыр команда еуропалық рейтингте 113-орында тұрған болатын. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (ІІНF) хабарлауынша, «Барыстың» өз алаңындағы әр ойынына орта есеппен 3 733 жанкүйер келеді екен. Ал рейтингтің алғашқы орнында швейцариялық «Берн» клубы тұр. Бұл команданың әр ойынына орта есеппен 16 347 жанкүйер жиналады.  Екінші орынға Германияның «Айсбэрен» клубы табан тіреді. Оның матчтарына 12 738 жанкүйер келеді. Үшінші орында Санкт-Петербургтің СКА командасы тұр. Ол орташа есеппен ойындарына 12 133 жанкүйер жинай алады.. Дастан Кенжалин. Дереккөз: www.hcbarys.kz Фото: www.hcbarys.kz