Спорт • 27 Ақпан, 2022

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі рейтингінде көш бастады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропаның 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен теннис ойынында  Заңғар Нұрланұлы Парижде Tim Essone турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Еуропа теннисі рейтингінде көш бастады

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл айтулы жарыста кезінде Роджер Федерер, Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис сияқты мықтылар жеңімпаз атанған еді.

Дода барысында Заңғар әуелі аустриялық Максимиллиан Хейдельмайерді 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңді. Сосын Францияның жасөспірімдер арасында бірінші ракеткасы Лени Кутурьені 7:5, 6:7 (5:7), 6:4 есебімен ұтты.

Ширек финалда Нұрланұлы Ресейдің жарық жұлдызы Сава Рыбкинге бірде-бір ұпай бермей 6:0, 6:0 есебімен таза жеңіске жетті. Ал жартылай финалда ливандық Даниэль Жадты 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Бүгін Заңғар Нұрланұлы финалда (елорда уақытымен сағат 20.00-де басталады) тағы бір франциялық Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025