Теннис • 28 Ақпан, 2022

«Дэвис кубогының» келесі кезеңіне шықты

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен 16 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Шри-Ланкада өткен командалық Juniors Davis Cup турнирінің алдын ала іріктеу бәсекелерінде сәтті өнер көрсетіп, негізгі іріктеу кезеңіне жолдама алды.

«Дэвис кубогының» келесі кезеңіне шықты

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша Қазақстан құрамасының ойыншылары Жансұлтан Чемботев (капитан), Дамир Қалдыбеков, Әмір Омарханов және Виталий Зацепин алдын ала іріктеу сайыстарының бірінші кездесуінде малай­зиялық теннисшілерді 3:0 есебімен тізе бүктірсе, екінші ойында да дәл сондай есеппен Ирактан айласын асырды. Ал ширек финалда Моңғолияны ұтты – 3:0.

Алайда жерлестеріміз үшін Вьетнаммен өткен жартылай финал кездесуі біраз қиын­дық тудырды. Аса тартысты өткен ойын­да жерлестеріміз 2:1 есебімен же­ңіс­ке жетіп, финалға жолдама алды. Финалда Иран теннисшілерімен кездескен Қазақстан құра­масы 0:2 есебімен ұты­лып қалды. Соған қара­мастан, Қазақ­стан жасөспірімдер құра­масы сәуір айын­да осы Шри-Ланкада өтетін «Дэвис кубо­гының» іріктеу кезеңінде де өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Оқуға құштар қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Момышұлының қолжазбасы

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Келешегі күмәнді сода зауыты

Аймақтар • Бүгін, 09:07

ЖИ-ді білмей, мақтанба!

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Алмас жарқылдайтын кезең

Ауыр атлетика • Бүгін, 08:53

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

Жеңіске бастар жол

Күрес • Бүгін, 08:43