Қоғам • 12 Мамыр, 2022

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Осыған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін ұзартылған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу тобы К. Мәсімовке, Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинге және басқа да күдіктілерге қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы төрағасы К. Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә. Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін, сондай-ақ тағы бір орынбасары болған Д. Ерғожинді қамауда ұстау 13 маусымға дейін ұзартылды», делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты осы жылдың 6 қаңтарында ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Биыл наурыз айында Бас прокурор Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мен оның үш орынбасарына, екі бөлімше бастығына қатысты бірнеше іс қозғалып, тергеліп жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03