
«Аталған ахуалды жалпы экономикадағы қаржылық жағдайдың жай-күйін көрсететін және GaR үлгісі негізінде есептелетін FCI серпінінен де көруге болады. Мәселен, экономикалық өсімнің 2021 жылғы 4-тоқсандағы 4%-дан биылғы 1-тоқсандағы 5,5%-ға дейін үдеуіне қарамастан, FCI жинақтау индексінің бағыты қатаңдату жағына қарай өзгерді. Алайда, қаржылық жағдайларды қатаңдату белгілі бір аралықпен экономикалық өсуге кері әсер ететінін атап өту қажет», делінген ведомствоның жазбасында.