Саяси мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында ант берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан халқы мен Президентіне Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Б.Бекназаров, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаңбыршин, Президент Күзеті қызметінің бастығы Ә.Садықұлов, бірқатар Үкімет мүшелері мен облыс әкімдері салтанатты түрде ант берді.
Мемлекет басшысы берілген анттың әр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
– «Қазақстан-2050» Стратегиясы және әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі мақсатымыз аясында мемлекет алдына биік міндеттер қойып отыр. Сондықтан сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, әрбір өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау болмақ. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше