Оқиға • 29 Маусым, 2022

БҚО-да бюджет қаржысын жымқырған есепші сотталды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Теректі балалар музыка мектебі» МКҚК-ның бұрынғы бас бухгалтері Алексей Бердниковке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да бюджет қаржысын жымқырған есепші сотталды

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен мәлім еткеніндей, Теректі аудандық сотының үкімімен А.Бердников ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес айыпты деп танылды. Сот оның мүлкін тәркілемей, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны кесті. Сондай-ақ сотталушы мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор нысандарында, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдарда қаржылық қызметке және материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырылды.

«А.Бердников өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2020 жылдар кезеңінде Интернет-банкинг арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу жолымен, аталған кәсіпорын директорының электрондық-цифрлық қолтаңбаларын пайдалана отырып, жалақыны және басқа да төлемдерді өзінің жеке шоттарына негізсіз аударған.

Осылайша, мемлекетке 22 млн 200,790 мың теңге көлемінде залал келтірген, яғни өзіне сеніп тапсырылған ақша қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды. Сотталушы жымқырған ақша қаражатын ойын-сауық және букмекерлік кеңселердегі ставкалар түрінде жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Сот үкімі заңды күшіне енді», деп хабарлады ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025