Қоғам • 05 Шілде, 2022

Тұрғын үй саласын дамытудың тұжырымдамасы қабылданады

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тұрғын үй саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау жұмыстары басталып кетті. Үкіметтің бүгінгі отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов үкімет мүшелеріне осы бағытқа арналған бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұрғын үй саласын дамытудың тұжырымдамасы қабылданады

«Жалпы тұрғын үй саласындағы тәсілдерді топтастырып, бір ретке келтіру үшін Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдау жұмыстары басталып кетті. Жаңа тәсілдердің және механизмдердің маңыздылығы мен әлеуметтік бағытын ескере отырып, олардың барлығын тиімді, уақтылы әрі сапалы іске асыру қажет», деді Үкімет башысы.

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдама аясныда мынадай бағыттарда жұмыстар атқарылуы керек.

«Бірінші, Индустрия министрлігі тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер бойынша заң жобасының барлық ережелерін Парламент палаталарымен сапалы әрі жедел пысықтауды қамтамасыз етсін. Екінші, Индустрия министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдар қажетті дерекқорлармен толыққанды интеграциялап, тұрғын үй саласындағы барлық ақпараттық жүйелерді іске қосу жұмыстарын аяқтасын. Үшінші, Баспанаға мұқтаж адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Сондықтан, Индустрия министрлігі мен барлық өңір әкімдері тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның жоспарланған көлемін уақытылы іске қосу үшін түбегейлі шаралар қабылдауы керек», деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше