Теннис • 16 Шілде, 2022

Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық, әлемнің 32-ракеткасы Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған сербиялық Александра Круничпен кездесті.

Сербиялық теннисші 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Крунич 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Сербиялық теннисші финалда әлемнің 53-ракеткасы, мажарстандық Анна Бондарь немесе рейтингте 130-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Өткен жылы осы додада Ю.Путинцева чемпион атанған болатын. Биыл жартылай финалдан аса алмай, рейтингілік ұпайларын жоғалтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Рекордшы тотықұс

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Алатаудың ажары

Талбесік • Бүгін, 08:17

Кемедегі өмір

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Өрісті өнеге қалдырған

Тағзым • Бүгін, 08:10