Аймақтар • 01 Тамыз, 2022

Жаңаөзенде заңсыз құрылыс жүргізгендер анықталды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзенде құрылыс жүргізуге тиісті рұқсат қағаздары рәсімделмеген нысанның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзенде заңсыз құрылыс жүргізгендер анықталды

Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылының Н.Тілендиев көшесінде орналасқан «Asyl Town» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат қағаздары рәсімделмеген.

Сондай-ақ аталған жер учаскесі орналасқан маңда көпқабатты тұрғын үй салуға тиым салынған.