Аймақтар • 22 Тамыз, 2022

Каспий мұнай құбыры желісінен тағы ақау шықты

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий құбыр желісінің екі кешені техникалық ақауларға байланысты жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Egemen.kz компанияға сілтеме жасап.

Каспий мұнай құбыры желісінен тағы ақау шықты

«2022 жылғы тамызда екі шығарылатын айлақ құрылғысы жабдықтарының кешеніне техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде су асты түтіктерін жүзу танктеріне бекіту тораптарында жарықшақтар анықталды. Халыққа және қоршаған ортаға төніп тұрған қауіп жоқ, өйткені жабдықтың саңылауы сақталып, мұнай төгілген жоқ», делінген Каспий құбыр консорциумы хабарламасында.

Табылған жарықшақтарға байланысты КҚК айлақ құрылғысы өндірушісі – IMODCO компаниясына, сондай-ақ құрылғылардың қауіпсіздігін бақылайтын ABS жіктеу қоғамына кеңес алуға жүгінді.

«Бұл ұйымдар жүзу танктерін ауыстырғанға дейін ШАҚ пайдалануды тоқтата тұруды ұсынды», деп хабарлады компаниядан.

Жалпы Қазақстан мұнайының басым бөлігі экспортталатын Каспий құбыр желісі жұмысын биыл бірнеше рет тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025