Теннис • 02 Қыркүйек, 2022

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Таиландтағы Bangkok Open челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Бейбіт Жукаев Таиландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

Ақтау теннис мектебінің түлегі, дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Б.Жукаев ширек финалда әлемнің 271-ракеткасы, монаколық Валентин Вашеромен тартысты кездесу өткізді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 7:5, 3:6, 7:6 (7:2) есебімен жеңісті жұлып алды. Үшінші, шешуші сетте монаколық спортшы есеп 5:4 болған мезетте матчқа доп берді. Бірақ Бейбіт брейк жасап, таразы басын теңестірді. Сосын тай-брейкте айқын басымдылық танытты. Жукаев бәсеке барысында 18 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Бейбіт финалға шығу үшін әлемнің 432-ракеткасы, франциялық Артур Казомен таласады.

Соңғы жаңалықтар

Өңір өніміне сұраныс жоғары

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Ислам банкіне сенім артылды

Экономика • Бүгін, 08:25

Бұл қай жүйе?

Білім • Бүгін, 08:20

Ұлттық қордың шапағаты

Экономика • Бүгін, 08:15

Жаңа заңның жаңалығы

Заң • Бүгін, 08:08