Ахмет Байтұрсынұлы • 05 Қыркүйек, 2022

Ұлт ұстазы халықаралық деңгейде ұлықталды

434 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ұлт ұстазы, Алаш ардагері, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы және Тіл мерекесі аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлт ұстазы халықаралық деңгейде ұлықталды

Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Н. Нұрбек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ. Қыдырәлі, ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Ә. Абаев, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Түркия, Венгрия, Польша, Түрікменстан, Өзбекстан, Татарстан, Қырғызстанның, т.б. елдердің ғалымдары  қатысып, баяндама жасады.

«Ұлт ұстазы, ұлттық ғылымның негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлына арналған бүгінгі ғылыми конференция ұлы тұлғаның сан салалы шығармашылық мұрасын зерделей келе, тарихи дәуірдің де ғылыми танымын, қоғамдық-мәдени сипатын танытады деп ойлаймын. Біз Ахмет Байтұрсынұлы сияқты аса ірі оқымысты ғалымның мұралары жөнінде  ғылыми  тұжырымдар  жасау арқылы оның еңбектерінің өзектілігін, яғни бүгінімізбен сабақтастығын да тани түсеміз», деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ахмет Байтұрсынұлы мен Алаш зиялылары туралы жаңа мұрағат деректері» атты таныстырылымы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Е. Сыдықовтың Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан шыққан «Ахмет Байтурсынов – учитель нации» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар мерейтой аясында елордадағы Қаламгерлер аллеясында «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Оған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Н. Нұрбек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Ә. Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Е.Е.Каналимов және ахметтанушы, алаштанушы ғалымдар қатысты.

л

Іс-шара  А.Байтұрсынұлы атындағы № 48 мектеп-лицейдегі ұлт ұстазы музейіне бару, «Мектеп және Ахмет Байтұрсынұлы» көрмесін тамашалау, мектеп мұғалімдері іс-тәжірибесімен танысумен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25