Спорт • 13 Қазан, 2022

Жас өреннің жеңісі

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana Qazaqstan Team» велоклу­бы­ның өкілі Глеб Сырица Малайзияда өтіп жатқан «Лангкави турының» бірінші кезеңінде топ жарды.

Жас өреннің жеңісі

 

22 жастағы ресейлік велошабандоз тамыз айынан бері Александр Винокуровтың шақыруымен қазақстандық клубта тәжіри­беден өтіп жүр. Сол уақыттан бері бірнеше веложарысқа қатысқан Сырица күні кеше «Астана» сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 157,3 шақырымға жалғасқан бірін­ші кезеңді ол 3 сағат 43 минут 43 секунд­та бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші және үшінші орынды нор­вегиялық Эрленд Бликра (Uno-X Pro Cycling Team) мен германиялық Макс Кантер (Movistar) иеленді.

«Лангкави туры» 1996 жылдан бері Малайзияның Лангкави аралында өткізіліп келеді. Сегіз кезеңге жалғасатын жарыста 2016 жылы «Астананың» колумбиялық велошабандозы Мигель Лопес жалпы есепте үшінші орыннан көрінсе, 2020 жылы Евгений Федоров күміс жүлдеге қол жеткізген-ді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15