Жексенбіде ауылға барып едік. Біраз шаруашылықтың тауға шығарған қойы бір күнде қырылып қалыпты. Бір ғана ұжым 160 бас уақ малдан айырылған. Тек бұл емес, басқа да ағайындардың малы шығындалғанын естідік. Тілінің бізі барлар баяғыда өткен Хван дейтін кісінің сөзін айтып, көңіл алдаусыратып отыр. Сол Хван: «Мен осы қазақтардың арасында көзімді аштым, есімді жидым. Бірақ қазақтарды түсіне алмай-ақ қойдым. Қозы берші деп сұрасаң, ат-тонын ала қашып, бермейді. Ал бір отар қойы жоғалып кетсе не қырылып қалса: «Құдайы садақа», деп алаңсыз отыра береді»,– дейді екен. «Мал ашуы – жан ашуы», дейміз ғой. Бірақ Жаратушының жазмышына қалайша қарсы келерсің?! Мәселе былай болған. Қазір көктемгі қырқымның кезі. Кешегі күннің көзі қатты ысығанда көп шаруашылық қойын қырқып, тауға шығарып жіберген. Ал мамырдың соңында күн күрт суып, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауды. Осы төпелеп жауған суық жаңбыр қырқымнан шыққан қойды қынадай қырып кетті. Баяғының қойшылары бұл жауынды «киіктің құйрық жууы» деп отыратын. Өйткені, осы уақытқа қарай киік толық төлдеп болады. Мына жаңбырға киіктер жуынады деген қазақы ұғым бар. Сондықтан «киіктің құйрық жууы» өтпейінше, олар қойларын қырықпаған, жайлауға көшпеген. Қойдың қырылғанын біз ғана естіп қойған жоқпыз. Ол облыстағы құзырлы орындардың да құлағына жеткен. Осыған орай, жұмысшы тобы шұғыл жасақталып, ауылдарға барып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті мал мамандары тарапынан алдын ала атқарылуы тиіс жұмыстарды ұйымдастырыпты. Қолда бар мәлімет бойынша Шиелі ауданының 3 ауылдық округінде мал шаруашылығымен айналысып отырған 13 шаруа қожалықтан 1178 бас уақ мал шығын болған. Ал Жаңақорған ауданы бойынша 10 ауылдық округтегі және 2 кент орталығындағы жеке тұлғалардың 3620 қойы өлгені анықталды. Екі аудан бойынша барлығы 4798 бас мал өлім-жітімге ұшыраған. Қазіргі кезде өлген малдардың санын нақтылау жұмыстары мен тиісті шаралар жалғасып жатыр. Дегенмен, аталған мәселе облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысында қаралып, Шиелі және Жаңақорған аудандарының әкімдіктері мен құзырлы мекемелер басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, құзырлы мекеме мамандарынан жасақталған комиссия құрамымен өлген малдың санын нақтылап, тиісті актілер жасауды ұйымдастыру, сауда және көпшілік тамақтану орындарында қырылып қалған мал еттерінің сатылмауын қадағалауды қамтамасыз ету, ветеринариялық зертханалар арқылы өлген қойлардың ішкі мүшелерінің үлгісін алып зертханалық сынамадан өткізу, халық арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін әрбір аудан өз күштерімен немесе аудандағы кәсіпкерлерді демеуші ретінде тарта отырып, өлген қойларды өртеп көму арқылы жою жұмыстарын санитарлық нормаларға сай атқару секілді нақты тапсырма берілді. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». Қызылорда облысы.
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55