Қоғам • 02 Қаңтар, 2023

Air Astana ұшағы турбулент аймағына түсіп қалды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana әуекомпаниясы таратқан мәліметке қарағанда, бүгін KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Air Astana ұшағы турбулент аймағына түсіп қалды

«Бүгін әуе компаниясы Ташкент-Алматы бағыты бойынша КС 128 рейсін орындады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14:35-те ұшып шыққан. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілікке тап болды. Алдын ала мәліметі бойынша, жеті жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған», деп жазылған хабарламада.

Әуе лайнері Алматыға сағат 16.45-те қонды. Ұшақтың экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ұшқыштар оқиға туралы әуежай қызметіне хабарлаған. Жедел жәрдем көліктері көмек көрсету үшін әуежайда жолаушыларды күтіп алды.

Әуе компаниясы орын алған жағдайға өкінеді және рейс жолаушыларына қолдан келген көмекті көрсетеді. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексеретін болады.