29 Мамыр, 2010

ӘСКЕРИ ӘЛЕУЕТПЕН ТАНЫСТЫ

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астана қаласында Қазақстанның Әскери-әуе күштері базасының аумағында өтіп жатқан қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктердің бірінші халықаралық “KADEX-2010” көрмесінде болды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Көрмеге әлемнің жиырмадан астам елінің 200-дің сыртындағы компанияларының қару-жарақ пен әскери техника, ІT-технологиялар мен байланыс, құрылыс және инфрақұрылым, сол сияқты, тылдық мүліктер мен әскери медицина саласындағы өнімдері қойылған. Премьер-Министрге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-техникалары мен арнайы бөлімшелерінің қатысуымен үлгілік сипаттағы бағдарлама көрсетілді.
Соңғы жаңалықтар

Ақылды маймыл

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:09

Қоқысты кәдеге жаратқан компания

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Тапқырлық деп осыны айт

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:06

Жас жүректі баураған жырлар

Әдебиет • Бүгін, 09:04

Қымыздың қадірі артты

Мәдениет • Бүгін, 08:59