Қоғам • 13 Қаңтар, 2023

Миллион кімге бұйырады?

462 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл елімізде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізіліп, көші-қон бағдарламасына қатысушыларға төленетін көмектің көлемі артып жатыр. Бұдан былай теріскейге еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударып келгендерге және шетелден атажұртқа аңсары ауып жеткен қандастарға 1 300 АЕК көлемінде бір реттік сертификат беріледі. Бұл дегеніміз – 4 млн 400 мың теңге көлеміндегі қаражат.

Миллион кімге бұйырады?

Коллажды жасаған Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Сертификат отбасы мү­ше­­сінің тек біреуіне ғана беріледі. Оны баспана сатып алуға, жаңадан үй құрылысын жүргізуге және қоныс тепкен жерден үйді ипотекаға рәсімдегенде алғашқы жарна ретінде пайдалануға болады.

Мемлекет ұсынып отырған жаңа тетік жайында өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасының басшысы Аль­мира Дисюпова түсіндіріп берді.

– Ертіс-Баян өңіріне соңғы жылдары еліміздің жұмыс күші мол шоғырланған өзге аймақтарынан және шетелден қандастарымыз жиі келе бастағанын көріп отырмыз. Биыл көші-қон бойынша бері­летін жеңілдіктер, баспана жал­дауға қарастырылатын төлем­ақы көлемдері сақталып отыр. Бұған қоса жаңадан экономи­калық ұтқырлық сертификаты тетігі іске қосылды. Отанына оралып жатқан қандастарымыз бен көші-қон бағдарламасына ілесіп, өзге өңірлерден қоныс аударып жатқан ағайын үшін ар­найы сертификаттар беріле­тін болды. Сертификат мөлшері

1 300 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ол қаржыны отбасылар елді мекендерден баспана алуға, «Отбасы банкі» арқылы екінші деңгейлі нарықтан пәтер сатып алу үшін алғашқы жарна ретінде пайдалануға, жаңадан тұрғын үй құрылысын бастауға бір реттік көмек ретінде қол­дана алады. Серти­фикат есебі­нен баспана алуға бері­ле­тін жеңілдіктер мен суб­си­дия­лар 1 жыл бойы сақтала­ты­нын еске саламыз, – дейді бас­қар­ма басшысы. Өңірге көшіп келгендерді жұмыспен қам­ту мақсатында кәсіби білікті­лік­терін арттыру, қайта оқыту курстары ашылып, жаңа ортаға сіңісіп кетулері үшін барлық мүмкіндік жасалмақ. 

2022 жылы аймағымызда қандастарды қабылдауға 800 квота бөлінген еді. Ал биыл республика көлемінде қан­дас­тарды қабылдауға қарас­тырыл­ған квота саны бойын­ша Павлодар көш басынан көрініп қалды. Қандастар үшін – 932, ал өзге өңірлер­ден қоныс аударушылар үшін 2 841 адамға квота бөлін­ген. Қоныс аударушылардың жолсапар құны өтеледі. Бұл үшін әр отбасы мүшесіне 241,5 мың теңгеден төленсе, алғашқы жылы пәтер жалдап тұрған шаңы­рақ­тарға ай сайын қосым­ша 51 мың теңгеден 103 мың теңгеге дейін қосымша көмек беріледі.

 

Павлодар облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Өнертабысқа өріс кең

Аймақтар • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше

Ең құнды жәдігер

Жәдігер • Кеше

Алғашқы өлең

Әдебиет • 08 Қараша, 2024

Жас ақындар жинағы

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Қыс мінезін көрсетті

Аймақтар • 08 Қараша, 2024

«Көрім» көз (Монолог)

Сатира • 08 Қараша, 2024

Тойдан тамаша тәбәрік

Қоғам • 08 Қараша, 2024

30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

Қоғам • 08 Қараша, 2024