Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023

Екібастұзда 170 тұрғын үйде жылу өшіріледі

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұзда жөндеу жұмыстарына байланысты 170-тен астам үй уақытша жылудан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда 170 тұрғын үйде жылу өшіріледі

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС хабарлауынша, 16 қаңтарда сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін жылу желісінің учаскесін ауыстыруға байланысты Амангелді көшесінен Бұқар жырау көшесіне қарай орамішілік жылу желісі ажыратылады.

Сол күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жерасты қондырғысындағы жылу желілерін ауыстыруға байланысты НО-19И-ден Дружбы көшесі, 20-ға қарай орамішілік жылу желісі ажыратылады. Жөндеу жұмыстары кезінде 74 жеке үйге жылу беру тоқтатылады.

Айта кетейік, 16 қаңтарда Павлодар облысында ескерту жарияланған болатын. Қазгидрометтің хабарлауынша, өңірде бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

 

Соңғы жаңалықтар

«Delta» тобы әшкереленді

Жемқорлық • Бүгін, 10:10

Елордаға LRT вагондары келді

Елорда • Бүгін, 10:05

Терісаққандағы тіршілік

Ауыл • Бүгін, 10:00

Қатыгез баланы не түзейді?

Мәселе • Бүгін, 09:55

Гранд-финалға жолдама

Білім • Бүгін, 09:50

Жазғы каникул көңілді

Балалар • Бүгін, 09:45