Технология • 01 Ақпан, 2023

Жасанды интеллект R&D-зертханасы

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тұран» университетінде академик Ө.Жолдас­беков атындағы Механика және машинатану институтының бірлесуімен «Жасанды интеллект және робототехника r&d-зертханасы» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

Жасанды интеллект R&D-зертханасы

Зертхананы ашудағы мақсат – робототехника саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының заманауи жетістіктерін университеттердің оқу үдерісімен ықпалдастыру және дамытуға ықпал ету. Жасанды интеллект технологиялары өнеркәсіпті автоматтандыру, заманауи құрал-жабдықтар тілін игеру, сондай-ақ бірлескен ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіп, әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыруға негізделген.

Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының директоры Амандық Төлешовтің айтуынша, оқу-зерттеу зертханасы соңғы екі-үш жылда ғылыми жұмыстар нәтижесінде жасалған роботтар­дан құрылымданған. Зертхана жастарды ғылымға ­баули отырып, роботтарды оқу үрдісіне енгізуді мақсат етеді. Платформадағы барлық роботты студенттер білім алу кеңістігінде еркін пайдалана алады.

Осы институттың ғылыми қызметкерлері Игорь Гриценко және Нұржан Төлебаев медицина саласында қолданылатын роботтар жұмысымен таныс­тырды. Роботтар кешені дәрі тасымалдаумен қатар интерфейс арқылы науқастың ағымдағы жағ­дайын мемлекеттік тілде хабарлау мүмкіндігіне ие. Дәрі­герлер науқастан түскен ақпаратқа байланысты емдеу жағын қарастыратын болады. Роботтардың көмегімен науқастың ауыз қуысынан проба алуға, сонымен қатар бөлмені залалсыздандыруға да мүмкіндік бар.

Заманауи платформада роботты кешенді таныс­тырған мамандар басқару жүйелерін бағдарламалауға және жасанды интеллект алгоритмдерін құруға арналған түпнұсқалық манипуляторлардың мүмкін­діктерін атап өтті. Механика және робот техника сала­сындағы электронды мультимедиялық оқулықтар кешені студенттерге тың ақпараттарды зерттеуге, құрылымдауға көмектеседі.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Сарқырама тоқтаған күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Әлемге һәм елге әйгілі

Өнер • Бүгін, 08:20

Нобель, Букер және біз

Руханият • Бүгін, 08:15

Бір сағаттағы үш мереке

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Манасты қазақша жырлаған

Руханият • Бүгін, 08:05

Жарқыра, жұлдыз!

Өнер • Бүгін, 08:02

Әнге айналған тағдыр

Театр • Бүгін, 07:57

Сиқырлы пошта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Мың баланың қуанышы

Қоғам • Бүгін, 07:45

Жаңа жыл алдындағы ғажайып

Қоғам • Бүгін, 07:40

Бүлдіршіндер шаттанған шақ

Балалар • Бүгін, 07:35

Алма мен Аяз ата

Қоғам • Бүгін, 07:30