Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті министрліктің басымдығы бар міндеттері қорғаныс жүйесін дамыту, Қарулы Күштерді қажетті жауынгерлік арсеналмен қамтамасыз ету, әскердің жауынгерлік дайындығын тексеру және әскери доктрина мәселелерін жүзеге асыру екендігін атап өтті.
С.Ахметов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен Қарулы Күштерді жоғары жауынгерлік дайындықта ұстау жұмыстарын жалғастыру жөнінде баяндады.
Қорғаныс министрі армияны әрі қарай кәсібилендіру, заманауи қару-жарақпен жабдықтау, қорғаныс өнеркәсібін дамыту шаралары туралы да айтты.
Сонымен қатар, С.Ахметов Президентті таяуда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ-ға мүше елдер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу қорытындылары жөнінен хабардар етті.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше